Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыДенсаулықЖаңалықтар

Ауруханаға қазіргі заман талабына сай медициналық техникалар сатып алынды

Ақсуат аудандық ауруханасы өңір тұрғындарына алғашқы медициналық–санитарлық, кеңестік-диагностикалық, стационарлық, стационар алмастырушы көмек түрлерін көрсетеді. Ауруханаға қарасты 10 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Медициналық мекемеге 17 115 адам тіркелген. 2579 адам жылжымалы медициналық кешен арқылы қаралған. Былтыр ауданда 291 сәби дүниеге келген.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынып жатыр. Бүйрек созылмалы жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастар үшін гемодиализ орталығы ашылды. Ауруханаға қазіргі заман талабына сай медициналық техникалар сатып алынды. Былтыр Ұлттық аккредиттеу орталығының бағалауынан өтіп, І дәрежелі аккредиттелген медициналық ұйым мәртебесін иеленді.

Ақсуат аудандық ауруханасы биыл заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, босану бөлімшесін 2-ші деңгейлі ұйымға айналдыру, лапароскопиялық оталар санын арттыру және ерте диагноз қою жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мамандардың білімін жетілдіріп, ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

admin_altyalash

Мектеп оқушыларын заңға бағынатын азамат болуға және саналы түрде кәсіби жолын таңдауға ынталандырады

admin_altyalash

Маңғыстау облысындағы мектепте 26 млн теңгеге заң бұзушылық анықталды

admin_altyalash