Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам

Майдангер қаламгерлердің шығармасы аудиокітап форматында шықты

Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі майдангер қаламгерлердің шығармасын аудиокітап форматында әзірледі.

Аудиокітаптар қатарына Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқас», Әди Шәріповтің «Партизан қызы», Дихан Әбіловтің «Майданбек», Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті», Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Тайыр Жароковтың «Зоя туралы жыр» және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Әбу Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт» атты еңбектері енді.

Сонымен қатар Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Күткен күн» және Қасым Қайсеновтің «Партизан соқпақтары» шығармаларының аудио-нұсқасы әзірленіп жатыр.

Аталған бастама майдангер қаламгерлердің ұлт руханиятына қосқан үлесін насихаттауға және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Оқырман аудиокітаптарды Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасынан тыңдай алады.

Кітаптарды М. Болатұлы, Қ. Ахметжанов, Ш. Үркімбаев, Б. Сабыр, Б. Сейітмамытұлы, Б. Бекмағамбетов сынды белгілі дикторлар дыбыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалған

admin_altyalash

Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған ер адам өзін өртеп жіберді

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады

admin_altyalash