Этномедиация – татулыққа бастар жол – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Тамыз 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Этномедиация – татулыққа бастар жол

05.08.2025
0
Этномедиация – татулыққа бастар жол

Этномедиацияның басты мақсаты – қоғамдағы әлеуметтік қақтығыстардың этносаралық қақтығыстарға айналып кетуіне жол бермеу, этносаралық шиеленіске жеткізбей, алдын алу, татуластыққа қол жеткізу.

Сәуір айында өткен  Қазақстан Халқы ассамблеясының ХХХІV сессиясында Президент Қ.К.Тоқаев: «Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі және солай болып қала береді»,-деп атап көрсете отырып,  «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат, Ішкі істер, Әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация саласындағы жұмысына жан-жақты қолдау көрсетсін, «Елдесу және татуласу» жобасының ауқымын кеңейтсін», -деп тапсырма берді.

Маңғыстау облысы бойынша этномедиация бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі – «Ассамблея.Парламент.Маслихат» жобасы. Ол бойынша Маңғыстау облыстық мәслихаты Қазақстан Халқы Ассамблеясымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Аталған жоба аясында облыс, аудан, қала депутаттарынан ҚХА-ның  депутаттық тобы құрылып, аталған топтың жұмыс жоспарына сәйкес қабылдаулар жүргізілуде. Қабылдауда депутаттармен бірге  этномедиаторлар да жұмыс  жасайды. Себебі, депутаттардың қабылдауына арыз-шағыммен келген тұрғындардың этносаралық қатынастарға қатысы бар, жоғы зерделеніп отырады. Ол бүгінгі таңда өзінің нәтижесін беріп отыр.

Тағы бір айта кетерлігі, биылғы жылы Ақтау қаласының түркі әлемінің мәдени астанасы болып белгіленуіне орай,  Маңғыстау облысының этномедиациясын дамыту және шетелдегі әріптестермен тәжірибе алмасу жұмыстары да жоспарланып отыр. Осы орайда айта кету керек, Алматы қаласында Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Академиясы базасында 2024 жылдың 23-27 желтоқсаны аралығында өткен курста 2 этномедиатор біліктілігін арттырса, 23-27 маусым аралығында тағы да 4 этномедиатор өз біліктіліктерін шыңдады. Одан бөлек, биылғы жылы тағы да этномедиаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында 28 шілде мен  8 тамыз аралығында30 этномедиатор жалпы және арнайы курстардан өтіп,  «Парасат» медиация және құқық орталығының сертификатын алды.

ҚХА-ның 13 жобасының бірі – «Елдесу және татуласу» жобасы бойынша жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап отырмыз. Осы орайда 23 мамыр күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, облыстық мәслихат және этномедиация кеңесінің төрағасы, Маңғыстау облыстық Прокуратура, сот және білім басқармасы, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы, облыстық полиция департаменті, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, этномедиаторлар, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, Ассамблея жастары қатысқан дөңгелек үстел өткізіліп,  Маңғыстау облыстық Этномедиация кеңесі мен Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және «Қоғамдық келісім» мекемесі мен облыстық білім басқармасының арасында жасалған меморандумдарға қол қойылды.

Әрине, Ассамблеяның барлық бағыты маңызды, себебі олардың әрқайсысында халықтың тарихы, абыройы мен қадір-қасиеті көрініс табады. Ал этномедиаторлардың тарихи жадыны сақтаушы әрі келісім мен бейбітшілік мәдениетін қалыптастыра алатын, өткенді шынайы түсіну мен мәдени алуандылықты құрметтеуге негізделген дәнекер тұлғалар ретіндегі рөлі ерекше.

Ел Президентінің «Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту»,-деп атап көрсеткеніндей, Қазақстан Халқы ассамблеясының ХХХІV сессиясында берілген тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, құқықтық мемлекет қалыптастыру, ағартушылық қызмет, қақтығыстардың алдын алу және әрбір азаматты қоғамдық келісімді нығайту үдерісіне тарту арқылы татулық пен ауызбіршілік жолындағы қызметімізді жалғастыра береміз.

 

Жаңбырбай Матаев –  Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы, ҚХА медиация кеңесінің төрағасы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Серімов Есет: жарты ғасырлық жол – мал шаруашылығында

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Олжас Бектенов өткізу пункттерін жаңғырту барысы туралы жиын өткізді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.