Алматыда әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған бірегей көрме ашылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған бірегей көрме ашылады

03.10.2025
0
Алматыда әйелдердің қоғамдағы рөліне арналған бірегей көрме ашылады

2025 жылғы 3 қазанда, сағат 15:00-де Алматы музейінде Белград қаласы музейінің «Серб әйелі: ғасырлар тоғысында» атты көрмесі ашылады. Қоғамдағы әйел мәртебесін айшықтап, дәріптейтін көрме Сербия тарихы мен мәдениетінің бірегей мұрасымен де таныстырады.

Көрменің ашылу салтанатына Сербияның Бірінші ханымы Тамара Вучич пен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысады.

Экспозиция Сербияның 7500 жылға жуық тарихын қамтиды. Көрме келушілерге серб қоғамындағы әйелдің орны мен рөлі қалай өзгергені туралы тың тарихи мәліметтерді ұсына отырып, әйгілі серб суретшілері, ғалымдары, спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің өмірі мен жетістіктерінен сыр шертеді.

Экспозицияда Белград қаласы музейінің бай қорынан алынған құнды жәдігерлер – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі археологиялық артефактілер, этнографиялық жәдігерлер, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ XIX ғасырдағы серб әйелдерінің портреттері ұсынылады. Көрмені 2025 жылдың 15 қарашасына дейін келіп тамашалауға болады.

Бұл халықаралық жоба – Алматы мен Белград арасындағы музейаралық ынтымақтастықтың жалғасы ретінде ұйымдастырылуда. 2024 жылдың желтоқсан айында Белград қаласында Ханшайым Любица сарайында Алматы музейінің «Ұлы Даланың мәдени мұрасы» халықаралық көрмесі жоғары деңгейде өткізілген еді.

📍 Өтетін орны: Қабанбай батыр көшесі, 132
☎ Телефон: 8 708 820 61 79
📱 Instagram: @almatymuseums

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бойтұмар – күш-қуат, тектілік пен жадының белгісі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Мен бәрінен айырылдым – бостандықтан, отбасымнан, балаларымнан» — алаяқтық үшін сотталған әйелдің хикаясы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.