ҚЫЗЫЛОРДАДА “АБАЙ” ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА “АБАЙ” ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

02.12.2025
0
ҚЫЗЫЛОРДАДА “АБАЙ” ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ұлы ойшыл, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай» операсының премьерасы өтті. Премьераны облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары тамашалады. «Абай» трагедиясы – еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген қайталанбас кесек туынды. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары қолға алынып, М.Әуезов шығармашылығының маңызды бағыты болған Абайдай ғұламаның тақырыбы, қайталанбас келбеті оқырмандарынан бұрын сахнада сомдалған бейнесі арқылы халқының жүрегінен орын алды. Мұхтар Әуезовтің либреттосына жазылған Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің айтулы операсы тек жақсы мен жаманның айқасын бейнелеген қойылым ғана емес, қазақ халқының жан дүниесінің алуандығы мен тереңдігін көрсететін айна, көшпелі өмірдің бірегей салты мен философиясын паш ететін тағылымды туынды.
Кейіпкердің ой тереңдігін, сөзінің өткірлігін, тіл шеберлігін, азамат ретіндегі беделін филармония әртістері негізгі қалпын сақтап, асқан шеберлікпен көрермен қауымға жеткізді.
Ерекше классика кешін халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Рустам Рысмағамбетовтің дирижерлік етуімен облыстық симфония оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе. Тұтас сахналанған операға аралас хор ұжымы (көркемдік жетекшісі – А.Қуаныш), «Томирис» би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты М. Тойбазарова), «Ai-Aru» заманауи би ансамблі (көркемдік жетекшісі – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты З.Стықбаева), «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы, (көркемдік жетекшісі – Қ. Боранбаев) және филармония солистері қатысып, көрерменге маңызы терең, философияға толы мәдени демалыс сыйлады.
Операның қоюшы режиссері – Мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әзиза Іздіқұлова.
Абайдың жеке өмірі, шығармашылығы мен оны тұлға ретінде айшықтауға арналған бұл туынды ұлттық рухты оятатын, қоғамды бірлікке бастайтын зор қозғаушы күшке ие. Абай шығармашылығын, оның ғұмырнамалық, мәдени-рухани мұраларын сан-алуан үлгіде насихаттау қазіргі қазақ руханияты үшін аса қажет.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 10 АЙДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ 6,6 МИЛЛИОННАН АСТАМ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.