Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 12, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

11.12.2025
0
Аралда жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының Арал ауданы аумағында «PetroRetail» ЖШС-нің жол бойы сервистік қызмет көрсету орталығы ашылды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, аталған серіктестіктің даму жөніндегі директоры Бахытжан Тасанбаев, жауапты сала басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары аймақта атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа бастамаға ізгі тілегін жеткізді.
«Мемлекет басшымыз ұсынған «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады.
Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр халқы да бекем бірліктің, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Жол бойындағы сервисті дамыту үшін автокөлікке газ құю компрессорлық станциялары бар көпфункционалды кешендер салынуда. Оған «Qazaq Oil», «Compass», «Алаш Метан», «Dom» сияқты компаниялар тартылып, жобалар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Жақын арада тағы екі заманауи газ құю станциясы пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында Кіші Аралды сақтап қалу және «Сексеуіл-Бейнеу» бағытындағы автомобиль жолы құрылысын жеделдетіп бастауды тапсырды.
Бұл Мемлекет басшысының Сыр өңіріне, Аралға деген көзқарасының ерекше екенін байқатады. Ауқымды жоба аймағымыздың экономикалық әлеуетін арттыра түспек. Кешеннің жұмысы табысты, табысы берекелі болсын!», – деді Қ.Нұртай.
Рәсімде ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мен серіктестік қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Бахытжан Тасанбаев тұрғындарды құттықтады. Еңбек ардагері Алдаберген Жоланов бата берді.
Айта кетейік, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің бойында 55 жол бойы сервистік кешені жұмыс істейді.
«PetroRetail» серіктестігінің В санатты кешені 2 млрд. теңгеге салынған. Инвестициялық жоба аясында заманауи талаптарға сай келетін 31 орындық қонақ үй, 20 келушіге қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орны іске қосылды, 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда желтоқсан айындағы маңызды даталарға арналған патриоттық іс-шаралар бағдарламасы басталады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.