«Нағыз ер-азамат болу – намыс пен жауапкершілік»: Астанада әкелер слеті өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қаңтар 22, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Нағыз ер-азамат болу – намыс пен жауапкершілік»: Астанада әкелер слеті өтті

22.01.2026
0
«Нағыз ер-азамат болу – намыс пен жауапкершілік»: Астанада әкелер слеті өтті

Елордадағы №81 Astana English school халықаралық мектебінде «Нағыз ер-азамат болу – намыс пен жауапкершілік» тақырыбындағы әкелер слеті өтті. Айтулы іс-шараға қала әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара ашық пікірталасқа ұласты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шарада 8-10-сыныптың оқушылары, ата-аналар, қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдері бас қосты. Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерге ер-азаматқа тән жауапкершілік, тәртіп, намыс, отбасы құндылықтары мен заңға адалдықты түсіндіру.

Ішкі істер министрлігі Көлік полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Теміржан Рамазанов «Заңға адалдық – ер-азаматтың басты жауапкершілігі» тақырыбында сөз сөйлеп, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң мен тәртіптің азаматтық намыстағы орны және жасөспірімдердің қылмысқа бармауы үшін жеке жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

«Нағыз ер-азамат болу – намыс пен жауапкершілік» әкелер слеті – өте маңызды шаралардың бірі. Спикерлер жасөспірімдерге жауапкершілік, тәртіп, намыс, отбасы құндылықтары мен заңға адалдықты түсіндірді. Осындай іс-шаралар барлық мектепте жиі өтіп тұруы керек. Себебі бұл жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беруде маңызды рөл атқарады, оқушылардың белсенділігін күшейтеді. Сол арқылы мектеп оқушыларының әкеге деген сенімі нығайып, отбасына деген жауапкершіліктері арта түседі», – деді мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әмірхан Нақыпов.
Іс-шара соңында модератор мектеп әкелері мен оқушыларды еркін пікір алмасуға шақырды. Әке мен бала арасындағы тығыз байланыс бірлікті арттырып, жауапкершілікті сезіндіреді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Ауыл құтқарушылары» еріктілері: олар кімдер және қалай дайындалады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.