Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарРуханият

Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға тарихшылар, жас зерттеушілер, кітапхана ісінің мамандары, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Словакия және Чехия елдерінен келген ғалымдар қатысты.

Конференция барысында қатысушылар Әлихан Бөкейханның ағартушылық мұрасының қоғамдық-саяси маңызы мен қайраткердің ұлттық ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады.

Сонымен қатар Чехия, Словакия, Франция және Швейцарияның кітапханалары мен музей қорларынан, сондай-ақ шетел архивтерінен табылған құжаттар таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды

admin_altyalash

“Жұмысқа орналастырамын”: Ақтөбеде азаматтардан 16 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды

admin_altyalash

Қауіпке тосқауыл қажет

admin_altyalash