Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма?

Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда екенін айтты. Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектің қажетті қоры жасалған. Бұл туралы дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды.
“Қазір республиканың 8 өңірінде – Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Түркістан облыстарында 5 миллиард теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді”, – деді Ажар Ғиният.
Қалған 9 өңірде ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрі-дәрмек қоры жасалған.
Министр дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Сот орындаушысы баланың алименттерін жымқырған

admin_altyalash

Қазақстанда кедейлік деңгейі ең жоғары өңір — Түркістан облысы

admin_altyalash

Шикізат емес экспорт көлемі 2025 жылға қарай 1,5 есе артады

admin_altyalash