Әкім Ербол Қарашөкеевтің бірінші жұмыс күнінен басы дауға қалды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Мамыр 9, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Әкім Ербол Қарашөкеевтің бірінші жұмыс күнінен басы дауға қалды

07.09.2023
0
Әкім Ербол Қарашөкеевтің бірінші жұмыс күнінен басы дауға қалды

Әкім Ербол Қарашөкеевтің басы алғашқы жұмыс күнінен бастап дауға қалды, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының су жаңа әкімі Ербол Қарашөкеевтің басы алғашқы жұмыс күнінен бастап дауға қалды. Әкімдікке жиналған ата-аналар шенеуніктің күні кеше жайғасқан жылы кабинетінен сыртқа шығуын талап етті.

Өйткені өңірдегі жекеменшік мектепте оқитын 10 мыңнан астам оқушы тегін тамақтан қағылған екен. Одан қалды оқу жылы қарсаңында көмек ретінде берілетін 40 мың теңгенің де бір тиынын көрмедік дейді наразылар. Ата-аналар жеке мектепке балаларымызды ақшамыз асып-тасығаннан емес, мемлекеттік мектептің болмауынан бердік дейді.

Ал Жамбылдың жаңа басшысы арыз айтқандармен кездесуге шықты ма? Тараздағы 15-ші шағын ауданда тұратын өкпелі жұрт өгейдің күнін кешкен. Балаларын жекеменшік мектепте оқытудан басқа амалы жоқ. Өйткені Ұлы дала ауданында әлі күнге бірде бір мемлекеттік білім ошағы бой көтермеген. Сол себепті мұндағы оқушылар мемлекет тарапынан берілетін тегін тамақ пен қаржылай көмектен қағылдық дейді.

«Қазақстандағы барлық балалардың құқығы бірдей. Сондықтан білім министрі рұқсат берді ме, жекеменшік мектеп ашуға, демек барлық мемлекеттік мектептердің құқығымен бірдей қылып беру керек. Тамақты да, кітапты да, басқасын да. Сонда бұл жекеменшік мектепте оқып жатқан балалар Қазақстанға жатпайтын балалар ма? Білмеймін, түсінбей тұрмын»,- дейді  Молдашова Нұрбибі.

Ашуланған ата-аналар облыстық әкімдік алдында айқаға басты. Олар өңірдің жаңа басшысымен кездеспек болған. Бірақ Ербол Қарашөкеев келмегесін, жиналғандар әкімнің кабинетіне басып кірді.

Әкімдіктегі шенеуніктерден бастап құзырлы органдарға дейін аяғынан тік тұрғызған ата-аналар су жаңа әкімді де жұмсақ креслосынан тұрғызбай қоймады. Аймақ басшысы жиналғандарды залға кіргізіп, арыздарын министрлікке жеткізетінін айтты.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

– Қазіргі таңда бұл мәселе ашық. Министрлік айналысып жатыр.

Мейірхан Өмірбек, Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы:

– Енді бұларды министрлікке қарауын ұсынып жатырмыз. Жақын күндері қаралады. Сөйтіп жекеменшік мектептерді қосайын деп отырмыз. Сол өзгерісті күтіп отырмыз.

Сосын жаңа әкім ертең дауы басылмайтын, мәселесі таусылмайтын ауданға өзі барып, мәселені май шаммен қараймын деп басу айтқандай болды.

«Министрлікпен, қазір министрмен сөйлесіп, сіздердің проблемаларыңды жеткіземін. Ол жағынан күмән болмасын. Мен шағынауданды өз аяғымен жүріп аралаймын. Уайымдамаңыз»,- дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Кездесуде тек Жамбылда ғана емес, барлық өңір бойынша жеке мектептерде ақылы тамақтанып жүрген оқушылар жайында да сөз болды. Шенеуніктер бұл мәселе жақын арада Мәжіліс мінберінде көтерілетінін айтып қалды.

Егер ұсыныс қабылданса, жаңа заңға өзгерістер еніп қалуы бек мүмкін. Ал мектепке жарымаған Ұлы дала ауданында қазір төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қараша айында 1200 балаға арналған су жаңа ағарту ошағы мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«Үсік жүреді»: 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Нұрмұхамед Байғараев ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.