Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ресей және Өзбекстанға барады

Фото: primeminister.kz

.- Наурыз айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшысы Олжас Бектеновтің Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жоспарланған.  Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Тараптар екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ өзара тиімді сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту шараларын талқылайды.

Ташкентте Олжас Бектенов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізіп,сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыру, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік-логистика салаларында кооперацияны дамыту перспективаларын талқыламақ.

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендердің видеосына қатысты пікір білдірді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді

admin_altyalash

Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамға жетті

admin_altyalash