Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинарын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Күн тәртібінде Ономастика саласын орталықтандыру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін,  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелікұсынымдар, өңірлердегі ономастикалық ахуал секілді мәселелер қаралды.

Семинар жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рұстам Али, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма басшылары қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Қарқаралы ұлттық паркі инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ұсынды

admin_altyalash

Бұл аумақ қаланың ең көрікті орындарының біріне айналады

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

admin_altyalash